+7 (727) 267-28-83

Murat

Өнер бөлімінің оқу залында театр және кино актері, Қазақстанның халық актері Ахмадиев Мурат Абдуреимовичтың (1950) 70 жылдығына арналған «Ұйғыр сахна өнерінің шебері»  атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Ахмадиев Мурат Абдуреимович  - 1950 жылы 12 қантарда Қытай Халық Республикасының Чугучак қаласында дүниеге келген. 1961 жылы Ахмадиевтің жанұясы Қазақстанға қоныс аударды. 1965 жылы М.А.Ахмадиев М. Горький атындағы Мәскеу киностудиясында түсірілген «О чем молчала тайга» атты көркем фильмде кавказ ұлы Алешаның рөлінде, 1966 жылы атақты режиссер Ш.Аймановтың «Земля отцов» фильмде Баян атты ұлдың рөлінде ойнаған, 1968 жылы «Тақиялы періште» фильмнің түсірілуіне қатысқан.

1975 жылы Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясының «хор дирижері» мамандығы бойынша жоғарғы білім алды. Сол жылы «Яшлык» вокалды-инструменталдық ансамблін құрып, оның көркемдік жетекшісі болды.

1984-2007 жылдар  аралығында кәсіптік ұйғыр музыкалық комедия театрының басшысы болды. 2007 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты болып сайланды.

2005 жылы «Құрмет» және 2010 жылы «Парасат» ордендарымен марапатталды. 2002 жылдан бастап Еуропа университетінің құрметті өнертану докторы және Қазақстан халқы Ассамблеясы  кеңесінің мүшесі болды.

Кітап көрмесінде ҚР Ұлттық кітапханасының кітап және мерзімді басылымдар қорынан М. Ахмадиевтың өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар ұсынылған.

Сіздерді кітап көрмесіне шақырамыз!