+7 (727) 267-28-83

Rudomino

29 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы  М.И. Рудомино атындағы Бүкілресейлік мемлекеттік шетел әдебиеті кітапханасымен  бірлесіп «Қолжазба  мен  баспа мұрасын  сақтау және қалпына келтіру» тақырыбында  онлайн форматта  Халықаралық дөңгелек үстел өткізді. 

Іс-шараға  осы кітапханалар арасында жасалған ынтымақтастық туралы келісім шеңберінде және екі IFLA / PAK  Аймақтық орталықтарының белсенді серіктестігімен өтті. Дөңгелек үстелге Армения, Беларусь, Молдова, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстан және Түркіменстаннан  мамандар қатысты.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Н.А. Искалиеваның, ИФЛА/ПАК стратегиялық бағдарламасының үйлестірушісі Клэр Макгвайер, Рудомино атындағы БМШӘК халықаралық қызметін үйлестіру және қамтамасыз ету орталығының басшысы О.И.Смирнованың құттықтау сөздері  тыңдалды.   

Дөңгелек үстелге қатысушылар келесі тақырыптар бойынша сөз сөйледі:  коллекцияларды сақтау, әр түрлі елдердің ұлттық кітапханаларында  қалпына келтіру  бөлімдері жұмыстарының негізгі бағыттары, қолжазба және баспа мұрасын сақтау жүйесінің қазіргі жағдайы мен даму болашағы және т.б.

Ынтымақтастықтың жаңа көкжиектерін кеңейту мүмкіндіктері талқыланды. Дөңгелек үстелге қатысушылардың барлығы  мәдени құндылықтардың ұзақ сақталуы мәселелерін шешу бойынша ақпарат пен білім алмасу мәдениетаралық қарым-қатынасқа және мамандардың кәсіби біліктілігін арттыруға, сәйкесінше қоғамдастықтардың дамуына ықпал ететіндігін атап өтті.

123ку   restav1