+7 (727) 267-28-83

kitap123

23 қырқүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының қорына С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университеті Қазақ тағамтану академиясының негізін қалаушы және Президенті, Қазақстандағы нутрициология мектебінің және университеттің нутрициология кафедрасының негізін салушы академик Төрегелді Шарманұлы Шармановтың 90 жылдық мерейтойы аясында жарық көрген «Алматы Декларациясы. Адамзатқа үндеу» атты қазақ, орыс, ағылшын тіліндегі кітаптың 150 данасын сыйға тарту етті.

 

Кітапта денсаулық сақтаудың эмпирикалық емшіліктен медициналық жәрдем жүйесін құруға дейінгі даму тарихы мен денсаулық сақтау реформасы тұрғысында тағамтану саясатының негізгі бағыттары, оны жүзеге асыру жолдары, даму перспективасы, микронутриенттер тапшылығының алдын алу мен бақылау стратегиясы туралы талқылаулар көрсетілген. Халық арасындағы салауатты және ұтымды тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-ағарту қызметінің нәтижелері, сондай-ақ, Қазақстан Республикасында алғашқы медициналық-санитарлық жәрдемді дамытудың негізгі бағыттары жарияланған. Аталмыш кітап медицина саласындағы ғылыми қызметкерлерге, дәрігерлерге, қоғамдық денсаулық сақтау мамандарына, тарихшыларға, жалпы оқырман қауымға арналған.

kitap2   kitap3