+7 (727) 267-28-83

foto1

Әлем әдебиеті залында америка жазушысы Рей Дуглас Брэдберидің 100 жылдығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Белгілі американдық жазушы  Рэй Дуглас Брэдбери 1920 жылы 22 тамызда Воукеганда (Иллинойс, АҚШ) дүниеге келген.           

1934 жылы Брэдберидің отбасы Лос-Анджелеске көшіп барып, баланың ағасының үйіне қоныстанады. Мектепті аяқтағаннан кейін жас жігіт газет сатушы болып жұмыс істейді. Отбасында оқуын жалғастыруға қаражат болмағандықтан, Рэй жоғары білім алмады. Бала жазушы болуды ұйғарады.             

1947 жылы жазушының «Қараңғы карнавал» атты алғашқы әңгімелер жинағы жарық көрді.  Жинаққа 1943-1947 жылдар аралығындағы жұмыстары енген. Рэй Брэдберидің 1953 жылы «Фаренгейт 451» романы жарыққа шығып, бүкіл әлемге танылды. Романның желісі тұтынушылық тоталитарлық қоғам өмірін баяндайды. Осылайша жазушы материалдық құндылықтарды игеруге басымдық берген қоғамды көрсетеді. «Фаренгейт 451» фильмін 1966 жылы  Франциядан келген қоюшы Франсуа Трюфо экранға шығарды.             

1957 жылы «Данделион шарабы» атты  жартылай өмірбаяндық кітабы жарық көрді. Брэдберидің бұл әңгімесі өзге  шығармаларына ұқсамайды. Онда автордың балалық шақтағы өмірі суреттеледі.           

Жазушының шығармашылығы кино және театрмен тығыз байланысты. Брэдбери сценарийлер жазды, олардың ішіндегі ең әйгілісі - «Моби Дик». Соңғы романы 2006 жылы шыққан. Рэй Брэдбери «Небьюла»  және «Бенджамин Франклин» атындағы ғылыми-фантастикалық марапаттарға ие болды. Американдық академия сыйлығымен марапатталған, «Прометей» (1984) сыйлығының  «Даңқ  залына» ұсынылған. Рэй Брэдбери - Пулитцер сыйлығының иегері (2007) және Брам Стокердің «Өмір бойғы жетістік» марапатына ие. Голливудтағы «Даңқ Аллеясында» Рэй Брэдберидің есімімен жұлдыз бар.   

Рэй Брэдбери 91 жас өмір сүрді. Өмірі тынымсыз еңбекке толы болды. Брэдбери 2012 жылы 5 маусымда Лос-Анджелесте қайтыс болды.          

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорынан  кітап көрмесіне жазушының шығармалары мен ол туралы әдебиеттер ұсынылған.