+7 (727) 267-28-83

MARZHANERSHY

2020 жылғы  8 қыркүйекте  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР  Ұлттық кітапханасының Н. Дәулетова атындағы залында Қазақстан Жазушылар Одағы мен Еуразия Жазушылар Одағының (Түркия) мүшесі, ақын, филология ғылы­мдары­ның кандидаты Маржан Ершудың «Феномен Ерік Құрманғалиев» атты кітап-альбомы, қырғыз тілінде жарық көрген «Жүрегім» атты жыр жинағы және «Шығармашылық лаборатория» атты кітабының  тұсаукесері өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, сөз кезегін модератор – ақын, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан жазушылар одағы басқарма төрағасының орынбасары Жақып  Бауыржан Өміржанұлына берді.                   

Тұсаукесер рәсімінде «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының Қазақстандағы өкілі Асқар Тұрғанбаев, қаламгер – журналист, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Мағира Қожахметова,  ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжан, ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ҚР Ұлттық кітапханасының «Жас қалам» клубының төрағасы Мұратхан Шоқан және тағы басқалар Маржан Ершудың шығармашылығына тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.                                        

Шара аясында дәстүрлі әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, филология ғылымдарының кандидаты Сәуле Жанпейісова әнмен шашу шашып, ақын, аудармашы Қырғыз Республикасының өкілі  Перизат Алмазова «Жүрегім» атты жыр жинағына тоқталып, Маржан Ершуға алғысын білдірді.                                                                                                     

Сондай-ақ шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Маржан Ершудың өмірі мен шығармашылығына арналған көрме ұйымдастырылды.

2   3
5   4