+7 (727) 267-28-83

DSC 0076

25 тамыз, сағат 15.00-де Н.Қ. Дәулетова атындағы залда Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінен ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға кітап тарту рәсімі өтті.

 

25 тамыз, сағат 15.00-де Н.Қ. Дәулетова атындағы залда Ресей Федерациясының Алматы қаласындағы Бас консулдығы, Қазақстан Республикасындағы  Ресей Ынтымақтастығы өкілдігінен ҚР Ұлттық кітапханасына сыйға кітап тарту рәсімі өтті.

Ұлттық кітапхана директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөз сөйлеп, Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары Ирина Владимировна Переверзеваға Ресей Федерациясы мен Қазақстан Республикасы арасындағы екіжақты ынтымақтастығы және мәдени-гуманитарлық қатынастарды дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін алғысын білдірді.

Ресей кітап бұрышына И.В. Переверзеваның жеке кітапханасынан барлық білім салалары бойынша және жазушылардың жеке қолтаңбасы бар 215 кітап берілді. Олардың ішінде: «Костромичи – взгляд через столетие» басылымы қызықты, өйткені 2003-2008 жылдар аралығында осы лауазымға ие болған Кострома қаласының екі мэрі И.В. Переверзева (2003-2008 жж.) мен Б.К. Коробовтың (1989-2003 жж.); қолтаңбалары қойылған. Энциклопедиялық сөздіктер мен құжаттар жинақтары, олардың ішінде: «Султаны и батыры Среднего жуза» (вторая половина XVIII века); «Коллекционеры России XVII - начало XX вв.»; «Генералитет Российской империи» (Энциклопедический словарь генералов и адмиралов От Петра I  до Николая II); «Энциклопедия искусства». Соның ішінде орыс әдебиеті классиктерінің көп томдық және таңдамалы шығармалары бар.

И.В. Переверзева – Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары, ҚР Ұлттық кітапханасының ескі досы және сенімді серіктесі. Оның көпжылдық жемісті жұмысының арқасында бірлескен мәдени және білім беру жобалары іске асырылды.

Ресей кітап бұрышы барлық қазақстандықтар үшін Ресейдің өзіндік ақпараттық ашық қақпасына айналды. Бүгінгі таңда Ресей кітап бұрышында 4000-нан астам кітап бар.

Іс-шара Ресей Федерациясы Бас консулдығының консулы, Қазақстан Республикасындағы Ресей Ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары лауазымындағы И.В. Переверзеваның Ресей кітап бұрышын дамытудағы ең маңызды оқиғалары туралы «Бізді КІТАП біріктірді» музыкалық бейнеролигін көрсетумен аяқталды.

DSC 0080   DSC 0050
     

.

 

                              

 

Сайтта

Қазір сайтта 442 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.