+7 (727) 267-28-83

nur22020 жылғы 17 тамызда ҚР Ұлттық кітапханасына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің шет тілдер кафедрасының аға оқытушысы Ештаева Нағия Альясқызы арнайы келіп, кітапхана қорына бірнеше жаңа кітаптарын сыйға тартты.

Оның ішінен көпшілік қауымға ұсынылған «Қазақ және батыс тілдері мақал-мәтелдер сөздігі» мен «Қазақ және әлем тілдері мақал-мәтелдері» атты жаңа кітаптарын ерекше атауға болады. Бұл құнды кітаптардың болашақ шет тілі мамандарына әлем тілдерінің қыр-сырын үйренуге, әр елдің мәдениеті мен әдебиетін тануға және жан-жақты білімін жетілдіруге пайдасы өте зор.