Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Ұжымы Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ауыр дертті жеңіл еңсеріп, тезірек сауығып шығуын тілейді.
Тәуелсіз еліміздің уығын қадап, іргесін бекіткен Тұңғыш Президентіміз - Елбасының халық алдында, мемлекет алдында еңбегі орасан зор. Оның сындарлы саясатының арқасында еліміз әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар, заманауи, қарқынды дамыған және әлемдік қауымдастық мойындаған мемлекетке айналды.
Бүкіл әлемді ауыр індет жайлаған осы қиын-қыстау кезеңде барлық қоғам мүшелерін бір-біріне қолдау көрсетіп, өз денсаулығы мен өміріне аса жауапкершілікпен қарап, салауатты өмір салтын ұстануға, қиындықты бірге еңсеруге шақырамыз.