+7 (727) 267-28-83

DSC 00842020 жылғы 26 ақпанда ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Алтын Орданың 750 жылдығына арналған «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты дөңгелек үстел өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, сөз кезегін модератор –  Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, т.ғ.д., профессор Қабылдинов Зиябек Ермұханұлына берді.

Дөңгелек үстел аясында т.ғ.д., Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Кәрібаев Берекет Бақытжанұлы, т.ғ.к., профессор Дәулетхан Әлімғазы, т.ғ.д.,  профессор  Қойгелдиев Мәмбет Құлжабайұлы, PhD докторы Жігер Жәнәбілұлы, т.ғ.к., Үшкенов Ернар Мұратұлы, т.ғ.д., профессор Избайров Асылбек Кәрімұлы, э.ғ.д., профессор Нұрманов Әбен Алдабергенұлы және тағы басқалар «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тақырыбында сөз қозғап, тарихи деректерге тоқталды.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан «Алтын Орда мемлекеті – Ұлы дала өркениеті» атты тұрақты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері мен зиялы қауым өкілдері, тарихшылар мен ақын - жазушылар, кітапхана оқырмандары мен қызметкерлері, Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0061   DSC 0046
DSC 0080   DSC 0032

 

Сайтта

Қазір сайтта 250 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.