+7 (727) 267-28-83

0 1 2

2020 жылғы 18 ақпан, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Қазақстан Журналистер одағы мен М. Аверин атындағы Солтүстік Қазақстан облыстық әдеби бірлестігінің мүшесі, жазушы Михаил Сергеевич Гвоздевпен шығармашылық кездесу өтті.

 

М.С.Гвоздев 14 жасында шығармашылықпен айналыса бастады. Кейінірек ол өзін шағын прозада сынап көрді. Нәтижесінде әзіл-сықақ, мистикалық және қиял-ғажайып әңгімелер, сонымен қатар, қазіргі уақытты бейнелейтін ертегілер мен қысқа әңгімелер туындады.

М.Гвоздев оқырмандармен кездесуде өзінің шығармашылығы мен Солтүстік Қазақстан облысы әдеби бірлестігінің жұмысы туралы айтып, «Белая лебедь»,  «Я верю» өлеңдер жинағымен, «Измерение N» роман-фэнтези мен «Фантазмы» фантастика жинағымен таныстырды.  

Іс-шарада автор Қазақстан, Петропавл қаласы жайлы, махаббат, табиғат туралы өлеңдерін оқып, кітаптарының мазмұнын қысқаша әңгімелеп берді. М.С. Гвоздев прозалық кітаптарды қиял стилінде жазады, олар жастар ортасына жақын. Автордың поэзиясы мейірімділікке, махаббатқа, жарқын және романтикалық сезімдерге толы. Бұл кездесудің тындаушыларын ақын шығармашылығы мен оның кәсіби шеберлігі таң қалдырды.

М.С.Гвоздев әртүрлі шығармашылық байқаулардың қатысушысы. 2014 жылы «Алтын қалам» облыстық байқауында бірінші орынды иеленді. Шығармашылық кездесуге Қазақстанның қазіргі орыстілді әдебиетінің әуесқойлары, Алматы қ. Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, қазақстандық ақындар, жас мамандар және кітапхана оқырмандары қатысты.

0 1 0   0 1 4
0 1 1   0 1 3