+7 (727) 267-28-83

DSC 00772020 жылғы 30 қаңтарда ҚР Ұлттық кітапханасының «Абай» әдеби орталығында ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, академик Оразалы Сәбденнің «Абай ілімін іске асыру туралы ойлар» атты ашық дәрісі өтті.

Оны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы қысқаша сөз сөйлеп, ашты.

Абайтану дәрісі Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласы ясында өткізілді.

Академик Оразалы Сәбден Абай арманы мен қазіргі қоғамды ұштастырып, слайд арқылы өз ойларымен бөлісті.

Ашық дәріс сұрақ-жауап рәсімінде өтті.

  • -Дүниежүзі қайда бағыт алды?
  • -Біз кім едік, қазір кімбіз, қайда бара жатырмыз, алда не күтіп тұр?
  • -Рухани құндылықтарымыз қазір қай деңгейде, оларды қалай жаңғыртамыз?
  • -Білім мен ғылымның деңгейі қандай, оған қалай серпіліс береміз? -

сынды және тағы басқа сұрақтарға  қатысушылар жан-жақты жауап алды.

Шараға ҚР Ұлттық кітапханасының «Жас қалам» жастар бірлестігінің мүшелері, Алматы қаласы ЖОО-ның студенттері, кітапхана оқырмандары  және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0017   DSC 0025
DSC 0028   DSC 0059