+7 (727) 267-28-83

00 252020 жылғы 27 қаңтар,  ҚР Ұлттық кітапханасында Қазақстандағы Үндістан Елшілігі ұйымдастырған "Ғажайып Үндістан: таңқаларлық көпқырлы мәдениет" атты фотокөрмесінің ашылуы мен  ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан "Үндістан маржаны" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Фотокөрмені ұйымдастыру ҚР Ұлттық кітапханасындағы Үндістан кітап бұрышы аясында өткізілді.

Іс-шарада ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Ажар Юсупова, Алматы қаласындағы Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Өкілдік басшысының орынбасары Руслан Карабулов, Үндістан Елшілігінің өкілі Раджу Балакришнан және маркетинг-ассистенті Азамат Сейітхан сөз сөйледі.

Сондай-ақ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультетінің студенттері хинди тілінде өлеңдер оқыды.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан және Үндістанның кітап бұрышынан Үндістанның тарихы мен мәдениеті туралы "Үндістан маржаны" атты қазақ, орыс, ағылшын және хинди тілдерінде кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

Сонымен қатар, фотокөрменің ашылуына Алматы қаласындағы Үндістан Бас консулдығының консулы Мартин Сириак Клеменс, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің оқытушылары мен студенттері, М. Ганди атындағы №92 мамандандырылған мектеп-лицейінің оқушылары және  кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.

00 24   00 23
00 22   00 26