+7 (727) 267-28-83

DSC 01792020 жылғы 17 қаңтарда Қазақ мемлекеттік циркінің директоры, Мәдениет қайраткері, мәдениеттанушы, театртанушы-сыншы Бокебаев Бақыт Әбдіғалиұлының «Қазақстанда цирк өнерінің бастаулары мен дамуы» атты ғылыми монографиясының тұсаукесер рәсімі өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, Қазақ мемлекеттік циркінің директоры Бокебаев Бақыт Әбдіғалиұлына  «Үш арыс» кітап-альбомын сыйға тартты, сөз кезегін модератор – ғалым, филология ғылымының кандидаты, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Мамай Қаниұлы Ахетовке берді.

Сондай-ақ, тұсаукесер рәсімінде ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, өнертану кандидаты, профессор Құлбаев Аман Бекенұлы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің Философия және политология факультетінің деканы, профессор Масалимова Әлия Рымғалиқызы, Алматы қаласы әкімінің кеңесшісі Данияр Әлиев, өнер зерттеушісі, жыршы Берік Жүсіпов, Қазақ мемлекеттік циркінің ардагері Өмірбек Исабеков және тағы басқалар Қазақстандағы цирк өнеріне тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан  «Қазақстандағы цирк өнерінің бастаулары мен дамуы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Қазақстанның халық артистері, зиялы қауым өкілдері, мәдениет қайраткерлері, ЖОО ұстаздары, студенттер, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0154   DSC 0187
DSC 0205   DSC 0177