+7 (727) 267-28-83

1502429734 dsc 0097Әлем әдебиеті, мерзімді басылымдар, өнер, диссертация оқу залдарында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы және философ Абай Құнанбаевтың туғанына 175 жыл толуына арналған тақырыптық көрмелер ұйымдастырылды.

Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев 2020 жылы Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын жоғары ұйымдастырушылық және мазмұндық деңгейде мерекелеу туралы Жарлыққа (2019 жылғы 23 тамыздағы №134) қол қойды. Ұлы ақынның мерейтойына орай Үкімет 500-ге жуық түрлі іс-шаралар өткізуді жоспарлап отыр.

Түркі мәдениеті халықаралық ұйымына мүше мемлекеттердің мәдениет министрлері Тұрақты Кеңесінің 37-ші отырысында ТҮРКСОЙ 2020 жылды түрік әлемінде «Абай Құнанбайұлы жылы» деп жариялау туралы шешім қабылдады.

Президенттің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласын жүзеге асыру және әлемге ұлы Абайдың есімін таныту мақсатында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы бірқатар тақырыптық көрмелер: ғылыми жұмыстар, монографиялар, диссертациялар, мерзімді басылымдар, әндер, ноталар, грампластинкалар және т. б. көрмелер ұйымдастырды.

Әлем әдебиеті залында «Әлемге танылған Абай» атты кітап көрмесіне Абай шығармаларының әлем тілдеріндегі басылымдары мен аудармалары қойылды. Оқырмандар үшін Абайдың ағылшын, араб, қытай, неміс, поляк, орыс, түрік, француз, румын, моңғол, чех, урду, хинди, парсы, вьетнам, болгар, корей тілдеріндегі «Қара сөздері» мен кітаптарының аудармалары қызықты болады. Абайдың өлеңдері аударылған алғашқы тіл – орыс тілі болды. 1885 жылы Абай туралы ағылшын тілінде хабарланғаны қызығушылық тудырады. Осы уақытта Джордж Кеннон Сібірге саяхат жасаған. Ол Семей қаласына Сібір қалалары мен кенттердегі мерзімдерін өтеп жатқан саяси жер аударылғандардың өмірлерімен жақынырақ танысу үшін келген. Кеннон ұзақ әңгіме мен отырыстар кезінде қоғамдық кітапханаға баруды жақсы көретін, орыс ақындары мен батыс еуропалық философтардың шығармаларымен танысқан қазақ ақыны Абай Құнанбаев туралы бірнеше рет естіді. Джон Кеннон өз кітабында Абайдың шығармалары туралы алғаш рет 1891 жылы жазған. Джордж Кеннонның «Сибирь» кітабы – Семей қаласындағы Абай мұражайының Алтын қорындағы құнды жәдігерлердің бірі. 1909 жылы Қазан қаласында Абай Құнанбаевтың алғашқы шығармалар жинағы жарық көрді. Содан кейін оларды шет елдер аудара бастады.

Мерзімді басылымдар залындағы «Абай ақпарат айдынында» атты көрмеде «Абай» журналының 1992 жылдан бергі басылымдары, сондай-ақ Ресей мен Қазақстанның мерзімді баспасөз беттерінде жарық көрген белгілі жазушылар мен журналистердің, қоғам және саяси қайраткерлердің мақалалары ұсынылды.

Диссертациялар залында «Абай – кемел ойдың кемеңгері»  атты көрмеде оқырмандар үшін Абай шығармашылығын қазақстандық ғалымдардың философия, филология, лингвистика, әлеуметтану және басқа да ғылымдар тұрғысынан жүргізген зерттеулері, докторлық диссертациялары, авторефераттары, ғылыми жұмыстары ұсынылды.  Сондай-ақ, Ресей мемлекеттік кітапханасының виртуалды оқу диссертациялық залына қолжетімділік мүмкіндігі ашылды, онда пайдаланушы ақынның шығармашылығы туралы қосымша ақпарат таба алады.

Өнер залындағы «Абай өнер әлемінде» көрмесінде Абай шығармаларының музыкалық топтамасы және ол туралы әдебиет жинақталған. Олар: ноталар, ән жинақтары, грампластинкалар, кітаптар, журналдар, газеттер, электронды басылымдар, Абай ескерткіштері бойынша жолсілтемелер, бүкіл әлемде ақынның құрметіне аталған көше тарихы.             

Оқырмандар үшін түрлі-түсті альбомдар, Қазақстанның ұлы әншілері Ж. Елебеков, К.Кенжетаева, Р.Абдуллин, Ф.Шарипова, Е.Серкебаевтың дауыстары жазылған грампластиналардың сирек даналары қызықты болары сөзсіз. М.Әуезовтың «Абай» спектаклінен Ғ.Жұбанованың музыкасына Ы.Ноғайбаев, Х.Бөкеева және т.б. орындауындағы дауыстары естіледі.

Ақынның музыкалық дарыны «Татьянаның хаты», «Айттым сәлем, Қаламқас», «Серые тучи» лирикалық әндерінде көрініс тапты. Оның өлеңдеріне композиторлар М. Төлебаев, С.Мұхамеджанов, Ғ.Жұбанова әндер мен романстар жазды. Абайдың музыкалық мұрасын жазу XX ғасырдың 20-шы жылдары басталды.

Оның есімімен Қазақстан қалаларының орталық даңғылдары, театрлар мен университеттер аталды. Семей қаласында Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-мұражайы ашылды. 1993 жылдан бастап Қазақстан қалаларында ақынның туған күнінде дәстүрлі түрде «Абай оқулары» өткізіледі. Абай есімі өзі оқырманы болған Семей қаласындағы кітапханаға (1883 жылы құрылған) берілген. 2006 жылы Абай ескерткіші Мәскеуде Чистопрудный бульварында ашылды.  2014 жылы Абай ескерткіші Пекиндегі «Чаоян» саябағында орнатылған. 2016 жылы Қазақстанның Мысырдағы Елшілігінің қолдауымен Каир орталық саябақтарының бірі - «Еркіндік және Достық» саябағында Абай мүсіні орнатылды.

Барлық тілек білдірушілерді біздің көрмелерімізге шақырамыз!