2020 жылғы 10 қаңтарда Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында "Эльдар Исмаилов в Казахстане" атты кітап-альбомының тұсаукесер рәсімі өтті.
Салтанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.
Шарада «Эльдар Исмаилов в Казахстане" атты кітап-альбомының авторы, қоғам қайраткері, публицист, жазушы Кенжина Насиха Гумарқызы кеш қонақтарына алғысын айтып, Исмаилов Эльдар Исмаилұлына жылы лебізін білдірді.
Сондай-ақ, шара аясында Әлем әзірбайжандары конгрессі президиумының мүшесі, "Алтын қалам" иегері Эльдар Исмаилов, профессор Гюннайдын Элдар және тағы басқалар "Эльдар Исмаилов в Казахстане" атты кітап-альбом туралы өз ойларын айтты.
Тұсаукесер рәсімінде домбырамен әсем ән шертіліп, мың бұралған бишілер биімен қонақтарды тамсандырды.
Іс-шараға студенттер, оқушылар, кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары, зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |