+7 (727) 267-28-83

Анықтамалық-ақпараттық қызмет көрсету қызметі төмендегідей жұмыстар атқарады: 
- оқырмандарға анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету; 

- дәстүрлі карточкалы каталогтарды қалыптастыру және жүргізу; 
- ұлттық кітапхананың РАБИС жүйесіндегі электрондық каталогының «Ізденіс-Тапсырыс» модулі арқылы оқырмандардың сұранысын іздеу және тапсырыс беру жұмыстары бойынша кеңес беру; 
- кітапхананың анықтама-библиографиялық аппаратын пайдалана отырып, библиографиялық сұраныстарды орындау; 
- оқырмандарға анықтама-библиографиялық дереккөздерін ұсыну.

Қызметтің  ашық қорында ғылымның барлық саласын қамтитын 31 мың анықтамалық, библиографиялық және ақпараттық басылымдар ұсынылған. Қорда ҚР Ұлттық Кітап палатасының басылымдары – газет, журнал мақалаларының шежірелері, «Казахстаника», сонымен қатар ВИНИТИ, ИНИОН РАН Ресей ақпараттық-библиографиялық орталықтарының басылымдары бар. Кітапхана 2007 жылдан бастап жаратылыстану және техника ғылымдары бойынша ВИНИТИ рефераттық журналдарының электрондық нұсқасын алып отырады.

Интернет қызметіне, Wi-Fi жүйесіне, білімнің барлық салалары бойынша  CD, DVD-дегі электрондық басылымдарға, «Параграф», «Эталон» атты Қазақстан республикасының заңнамалық және нормативтік құжаттарының, EBSCO әлемдік  ақпараттық ресурстарының толықмәтінді электрондық дерекқорларына қолжетімділік ұйымдастырылған.

Бөлім жетекшісі:

Рахимова Анаркуль  Кәріпбайқызы

Байланыс тел.: (7272)67-28-62 
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. 

Сайтта

Қазір сайтта 253 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.