+7 (727) 267-28-83

Оқу залы төмендегі қызметтерді ұсынады:

  • - әдебиеттердің ашық қорында ақпараттық-библиографиялық және анықтамалық-кеңестік қызмет көрсету;
  • - дәстүрлі және электронды түрде ауызша және жазбаша анықтамаларды орындау;
  • - электрондық ақпараттарға қолжетімділікті ұйымдастыру;
  • - толықмәтінді дерекқорларға қолжетімділікті ұйымдастыру;
  • - «Қазақстан: өткені мен бүгіні» дерекқорынан ақпарат іздеу;
  • - интернет ресурстары мен стандартты бағдарламаларды жеке пайдалану үшін компьютер ұсыну;
  • - баспа құжаттарын сканерлеу;
  • - мәтінді басып шығару.

Ашық қорда білімнің барлық саласы бойынша 32 мыңнан аса анықтамалық, библиографиялық және ақпараттық басылымдар, сонымен қатар  көрсеткіштер, анықтамалар, сөздіктер, энциклопедиялар, жаңа әдебиеттер көрмесі, статистикалық жылнамалар және басқа әдебиеттер қамтылған.

Сондай-ақ, қорда ҚР Ұлттық мемлекеттік кітап палатасының және Ресей кітап палатасының - кітап шежірелері, газет және журнал мақалаларының шежірелері, диссертация авторефераттары ұсынылады.

ҚР-ның заңнамалық және нормативтік құжаттарының толықмәтінді «Параграф» электронды дерекқорына, «EastView» - Ресейдің гуманитарлық ғылымдар бойынша жетекші мерзімді басылымдарының дерекқорына, «БиблиоРоссика» - заманауи электрондық-кітапхана жүйесіне қолжетімділік ұйымдастырылған.