+7 (727) 267-28-83

 Негізгі бағыттары:

- оқырмандардың ҚР Ұлттық кітапханасы қорында жинақталған ұлттық және әлемдік ноталы-музыкалық мұраға еркін қол жеткізуін қамтамасыз ету; 

- ҚР Ұлттық кітапханасындағы ноталы-музыкалық жинақтар негізінде әуен өнерін тарату және аталмыш жинақтарды сақтау мәселесін шешу.

 

Негізгі міндеттері:
- қосалқы және кітап сақтау қоры  қызметінен өнер саласындағы әдебиеттер арқылы оқырмандарға қызмет көрсету;
- өнер жайындағы әдебиеттердің қосалқы қорын, электрондық, аудиовизуалды басылымдар мен ноталардың арнаулы топтамасын қалыптастыру;
- қордың есебі мен айналымын ұйымдастыру, тиімді орналастыру;    
- электронды және карточкалы түрде каталогтарды жүргізу;
- бөлімде күйтабақтардың сандық көшірмесін жасау;
- оқырмандарға музыкалық шығармаларды тыңдау және  ойнау үшін музыкалық аспаптарды беру қызметін көрсету;
- көркем безендірілген кітап көрмелерін өткізу және музыканттармен, сазгерлермен, орындаушылармен кездесу кештерін ұйымдастыру;
- Қазақстан кітапханаларына әдістемелік кеңес беру.

 Бөлімде:

-  оқу залы;
-  сазды шығармаларды тыңдау үшін жеке кабиналар; 
-  күйтабақтардан сандық көшірме және CD жазу;
-  музыкалық аспаптармен ойнау үшін арнайы бөлме;

- «Өнер әлеміне саяхат», «Жаңа басылымдар», «Жаңа журналдар» тұрақты және күнтізбелік тақырыптық көрмелері жұмыс істейді.

Бөлім жанынан «Інжу-маржан» өнер клубы жұмыс жасайды. Клубтың мақсаты - кітапхана пайдаланушыларына қазақ өнерін насихаттау, өнер қайраткерлерімен кездесулер, дөңгелек үстелдер өткізу, сурет көрмелерін ұйымдастыру, шығармашылық байланыстар орнату және т.б. іс-шаралар.

 

Бөлім жетекшісі:
Рақышева Ақмарал Болатқызы
Байланыс тел: +7-727-267-28-67
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.
Байланысқа жауапты – Болатова Орынтай Жамбылқызы

Сайтта

Қазір сайтта 192 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.