Әлем әдебиеті оқу залында әлемнің 123-тен астам тілдеріндегі басылымдар бар. Оқырмандар үшін ашық қор ұйымдастырылған. Ашық қорда білімнің барлық салалары бойынша кітаптар, қазақ жазушыларының шет тілдеріндегі аудармалары, орыс және шетел классиктерінің әдебиеттері, орыс және әлем тілдеріндегі анықтамалық әдебиеттер мен мерзімді басылымдар ұсынылған. Сондай-ақ, ҚР Ұлттық кітапханасының электрондық каталогы жүйесі орнатылған, сонымен қатар түрлі тасымалдағыштардағы аудиовизуалды фильмдерді көруге мүмкіндік жасалған.
Әлем әдебиеті оқу залында шет елдердің - (Ресей, Иран, Пәкістан, Үндістан, Түркия, Қытай, Корей) кітап бұрыштары орналасқан. Кітап бұрыштарының мақсаттары – ұсынылған мемлекеттердің ұлттық мәдениеті мен әдебиетін, тарихын насихаттау және ақпараттандыру. Кітап бұрыштарының міндеттеріне оқырмандарға қызмет көрсету және әртүрлі мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізу жатады. Әр кітап бұрышының өзіндік қосалқы қоры бар, сондай-ақ олар техникамен және жиһазбен жабдықталған. Иран, Пәкістан, Түркия және Қытай елдерінің халық шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастырылған.
Сонымен қатар, бөлімде Ақпараттық даму орталығы орналасқан. Ақпараттық даму орталығының міндеті – Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату.
Орталық: Дүниежүзілік банк, Орталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаменті, Еуразия даму банкі, Ислам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымы сияқты халықаралық ұйымдармен серіктестік нәтижесінде құрылды.
Әлем әдебиеті залы бір мезгілде 400-ден астам оқырман дайындалуға арналған және ҚР Ұлттық кітапханасындағы ең ірі оқу залы болып табылады.
e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.