+7 (727) 267-28-83

 

Әлем әдебиеті қызметі әлемнің 120-дан астам тілдерінде басылымдарын ұсынады. Оқырмандар игілігіне ашық кор ұйымдастырылған. Ашық қорда барлық білім салалары бойынша әдебиеттер, қазақстандық жазушылардың шет тіліндегі аудармалары, шетел және орыс әдебиеттері классиктерінің орыс тіліндегі еңбектері, әлем тілдеріндегі анықтамалық әдебиеттер және мерзімді басылымдар ұсынылған. Оқырмандар үшін «РАБИС. Іздеу және тапсырыс» модулі орнатылған, әр түрлі электрондық тасымалдағыштардағы аудиовизуалды фильмдер көруге мүмкіншілік жасалған. Залда әлемдік ағылшын тіліндегі ғылыми журналдардың «ЕBSCO» дерек қорына қолжетімділік бар. 
Бөлімнің оқырман залында Шет елдердің (РесейИранПәкістанҮндістанТүркия, Қытай) кітап бұрыштары ұйымдастырылған. Кітап бұрыштарының мақсаттары – мемлекеттердің ұлттық мәдениеті мен әдебиетін насихаттау және ақпараттандыру. Насихаттау барысында мәдени іс-шаралар өткізу. Әр мемлекеттің кітап бұрышында сол елдің тіліндегі қосалқы қоры бар. Иран, Пәкістан, Түркия елдерінің халық шығармашылығына арналған көрмелер ұйымдастырылған. 
Әлем әдебиеті бөлімінде Даму жөніндегі ақпараттық орталық жұмыс істейді. Ақпараттық даму орталығының міндеті – Қазақстанда тіркелген халықаралық ұйымдардың озық тәжірибелері мен жинақтаған білімдерін барша жұртшылыққа кеңінен тарату. 
Орталық ҚР Ұлттық кітапханасының халықаралық ұйымдармен – Дүниежүзілік банкОрталық Азиядағы аймақтық экономикалық ынтымақтастық департаментіЕуразия даму банкіИслам даму банкі, Біріккен Ұлттар Ұйымымен серіктестігі нәтижесінде құрылды.

   Байланыс тел.: +7(727) 267-28-48, 
   e-mail: Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра.

Сайтта

Қазір сайтта 188 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.