+7 (727) 267-28-83

7

2019 жылғы 29 қараша, 14.00-де  Кітапханатану залында   Қазақстанның орта мектеп  оқушылары мен  әр түрлі жоғарғы оқу орындарының  студенттері мен магистранттары арасында Қазақстанның   халық  жазушысы  Әзілхан Нұршайықов атындағы  стипендияға арналған  жыл сайынғы әдеби байқаудың қорытындысы шығарылды.

ҚР Ұлттық кітапханасында студенттер мен мектеп жастары арасындағы «Махаббат қызық мол жылдар» романының кейіпкерлер әлемі» 2019 жылғы байқауының қорытындысы шығарылды. Байқауды ұйымдастырушылар: Ә.Нұршайықовтар отбасы, ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан кітаптары» қызметі және әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру кафедрасы.

Байқаудың мақсаты – жазушының шығармашылығын кеңінен насихаттау, жастардың шығармашылық әлеуетін ашуға көмектесу және жас ұрпақ үшін оқу мәдениетін қалыптастыру.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы директорының кітапхана ісі жөніндегі орынбасары А.Х.Юсупова ашты. Байқауға Т.Жүргенова  атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің, Нұр-Мұбарак Египет ислам мәдениеті университетінің, ҚазБСҚА, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Нұр-Сұлтан қаласының Ұлттық ғылыми кардиохирургиясының, Семей қаласы колледжінің студенттері мен магистранттары және Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданы  А.Н. Бубенцова атындағы орта мектептің 10 сынып оқушылары қатысты.

Байқауға қатысушылар Ә.Нұршайықовтың «Махаббат қызық мол жылдар» романының желісі бойынша сурет туындыларын (сурет, акварель, коллаж, майлы бояу) ұсынды. Суреттің идеясы мен көтерген мәселесі шығармадан алынған үзінді мәтініне сай болып, оның терең мазмұнын бере алуымен қатар болуы тиіс. 

Іс-шарада байқауға қатысушылардың барлығы өз жұмысында нақты нені бейнелегісі келгенін және безендіру үшін таңдаған мәтінін қалай түсінетінін айтып берді.

Жүлделі орын алған жеңімпаздар «Бейнелеу өнері» номинациясы бойынша дипломмен және Ә.Нұршайықов атындағы сыйлықпен марапатталды. Ең қызықты шығармалар жазушының ҚР Ұлттық кітапханасындағы мемориалды кабинетінде орналастырылады.

Қатысушылар: жазушының туыстары, ЖОО және колледж оқытушылары мен студенттері, оқырмандар, кітапханашылар және БАҚ өкілдері.

Іс-шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан жазушының өмірі мен шығармашылығына арналған «Махаббат пен мейірімділікті үйлестірген қаламгер» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова кітап көрмесіне шолу және Ә.Нұршайықовтың мемориалдық кабинетіне экскурсия жүргізді.

1   2
3   4

 

Сайтта

Қазір сайтта 414 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.