+7 (727) 267-28-83

34

2019 жылғы 26 қараша, сағат 15.00-де ҚР Ұлттық кітапханасы бейнеролик шығармашылық байқауында  Бірінші орынға ие болған  И.Ф.Варавва атындағы Краснодар облыстық жасөспірімдер кітапханасы ұйымдастырған «Молодой герой в литературе моей страны» кітапханалық Интернет-форумның қорытынды іс-шарасына қатысты.

Іс-шара қорытындысы онлайн-конференция режимінде Интернет-форум қатысушыларымен өткізілді. Кездесуге Қазақстан, Беларусь және Ресейдің Краснодар өлкесінен 37 муниципалдық білім беру орындарының жас кітапханашылары мен оқырмандары қатысты.

«Молодой герой в литературе моей страны» кітапханалық Интернет-форумның мақсаты – әр ұлттың әдебиетін жастар ортасына біріктіру, жас әдеби кейіпкерлердің тағдыры  арқылы  достық қарым-қатынасты нығайтуға ықпал ету, жас ұрпақтың назарын әртүрлі елдердің мәдениеті мен әдебиетін зерттеуге аудару болды.

Интернет-форумның негізгі кезеңдері: Интернационалдық кітап күнін ұйымдастыру; басты кейіпкерлер жастар болып табылатын ұлттық әдебиет туындыларынан үзінділердің корпоративтік толық мәтінді дерекқорын құру; бейнелер мен сюжеттердің шығармашылық сайыстарын өткізу.

ҚР Ұлттық кітапханасынан Интернет-форумға «Молодой герой в литературе моей страны» аталымы бойынша Ақпараттық ресурстар қызметінің кітапханашысы Динара Айтбаева қатысты. Ол белгілі қазақ жазушысы, панфиловшы, Кеңес Одағының Батыры Бауыржан Момышұлы туралы «Легендарный сын казахского народа Бауыржан Момышулы» атты бейнеролик дайындады. Бейнеролик Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналады.

Интернет-форумның қорытындысы бойынша «Мои литературные герои, вы всегда со мной» номинациясында ҚР Ұлттық кітапханасы Бірінші орынға ие болып, естелік дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды.

Онлайн-конференцияның қорытындысы  барысында «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б.Жаркналова Қазақстандағы қазіргі заманауи әдебиеті, Д.Айтбаева дайындаған бейнеролик туралы айтты, сонымен қатар, Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің маманы Дамир Журманов және Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті «Өнер және мәдениет» факультетінің 2- курс студенті Мөлдір Меңлібаева Абай Құнанбаев пен Жамбыл Жабаевтің өлеңдерін оқыды.

11 33
22 35