+7 (727) 267-28-83

DSC 0388

20 қараша,  сағат 11.00-де Н. Дәулетова атындағы залда «ILESAM» ғылыми әдеби еңбектер авторлары кәсіби бірлестігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына әдебиеттерді сыйға тарту рәсімі өтті.

 

«Тамыры терең түбі бір түркі дүниесін жалғаушы рухани көпір болған кітап құндылығын – түркі мемлекеттерінің кітапханаларына табыстау» (Қазақстан) жобасы аясында ҚР Ұлттық кітапханасына ILESAM бас директоры Мехмет Нұри Пармаксыз, Әзірбайжан Жазушылар Одағы төрағасының орынбасары, Әзірбайжан шығармашылық бірлестігі филиалының өкілі Хаял Рза келді. ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.К. Оспанова құттықтау сөз сөйледі. Шараның модераторы Қазақстан Жазушылар Одағы төрағасының бірінші орынбасары Ақберен Елгезек болды.

Іс-шараға Түрік Республикасының Алматыдағы Бас консулдығының вице-консулы Шармин Пахливантюрк, Шет тілдер және іскерлік карьера университетінің ректоры, ғылым докторы, профессор Сабри Хизметли, Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының жетекшісі Н.А. Балғымбаев, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының меңгерушісі Ұ.Т. Қыдырбаева, Жазба жәдігерлер және рухани мұра ғылыми-зерттеу орталығының директоры, доцент З. Шадкам, Абылайхан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің доценті Б.Ж. Ихсан, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің төрағасы Қ.Қасымов. Қонақтар арасында танымал қазақстандық жазушылар А. Әшіри, Б. Шаханұлы және т. б. болды.

Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының қорына тарих және ғылым бойынша 5 000 кітап, Түркия көркем әдебиеті, прозасы мен поэзиясы, балалар және анықтамалық басылымдар, сөздіктер, энциклопедиялар, сондай-ақ медициналық, әлеуметтік маңызы бар ғылыми-танымал журналдар сыйға тартылды. Кітаптар ТИКА Түрік ынтымақтастық және үйлестіру агенттігі мен Түркия Мәдениет және туризм министрлігінің қолдауымен берілді.

Салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы мен ILESAM ғылыми-әдеби еңбектер авторларының Түрік кәсіби ұйымы арасында ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды. Сондай-ақ, делегация үшін Ұлттық кітапхана бойынша экскурсия жүргізіліп, Түркия кітап бұрышының қызметі таныстырылды.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ғалымдар, жазушылар, әл-Фараби атындағы ҚҰУ-нің  Шығыстану факультеті ТҮРКСОЙ кафедрасының, Абылайхан атындағы ҚазХҚжӘТУ оқытушылары мен студенттері, Алматы қаласы кітапханаларының оқырмандары мен қызметкерлері қатысты.

DSC 0271   DSC 0285
DSC 0334   DSC 0412