2019 жылғы 21 қарашада ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында «Қазақ-араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты дөңгелек үстел өтті.
Шараны Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ шығыстану факультеті, Сауд Арабиясы Корольдігінің Абдулла Бин Абдулазиз атындағы халықаралық араб тілін қолдау Орталығы ұйымдастырды.
Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.
Іс-шараның модераторы – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті шығыстану факультетінің деканы Палтөре Ықтияр Молдатөреұлы.
Шараға Сауд Арабиясы Корольдігінің Абдулла Бин Абдулазиз атындағы халықаралық араб тілін қолдау Орталығының профессорлары Абдулла Ибрахим Әл-Хокил, Махмұд ибн-Абдулла ибн Абдул Азиз әл-Махмуд және Абду ар-Рахман ибн Ражи Аллаһ ибн Тифилан ас-Сулами қатысты. Олар аталмыш орталықтың жұмысына тоқталып, екі ел ынтымақтастығын сөз етті.
Дөңгелек үстел аясында Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан «Қазақ-араб қарым-қатынастары жазба жәдігерлерімізде» атты көрме ұйымдастырылды.
Шараға мұғалімдер, студенттер және кітапхана қызметкерлері мен оқырмандары қатысты.