+7 (727) 267-28-83

photo5373051499896220723

2019 жылғы 18 қарашада  Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында көрнекті ұстаз, ҚР Гуманитарлық ғылымдар академиясының академигі, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Темірхан Сақаұлы Тебегеновтің 70 жылдық мерейтойына орай 12 томдық шығармалар жинағы мен «Біртұтас қазақ әдебиеті: қытайдағы және атажұртқа оралған ақын-жазушылардың шығармашылығы», «Ғалым-ақындар поэзиясы дәстүріндегі жырлар», «Тебегенов Темірхан Сақаұлы библиографиялық анықтамалық», «Шәкірттер лебізі» атты кітаптарының тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор, жазушы, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Нағашыбек Қапалбекұлына берді.

Тұсаукесер рәсімінде экономика ғылымдарының докторы, академик,  жазушы, БҰҰ генерал-майоры, «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық қазақ творчестволық бірлестігінің төрағасы Әбен Нұрманов, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, жазушы Нұрдәулет Ақыш, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты,  ақын, филология ғылымдарының кандидаты, С.Мұқанов пен Ғ.Мүсіреповтің мемлекеттік әдеби-мемориалдық музей кешенінің директоры Әділқазы Қайырбеков және тағы басқа зиялы қауым өкілдері мерейтой иесін құттықтап, жылы лебіздерін білдірді.

Шара аясында ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан Темірхан Сақаұлы Тебегеновтің өмірі мен шығармашылығына арналған кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Шараға белгілі қоғам қайраткерлері, ақын-жазушылар, студенттер, кітапхана оқырманды және БАҚ өкілдері қатысты.

photo5373051499896220717   photo5373283252036545611   photo5373051499896220724
photo5373283252036545613   photo5373311079129656294   photo5373311079129656293

 

Сайтта

Қазір сайтта 156 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.