+7 (727) 267-28-83

photo53640630911233998632019 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында  ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші, жәдігертанушы Азат Әкімбектің «Турфанский минарет. Моя родословная» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

Салтанатты шараның модераторы – тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Баспасөз және электронды БАҚ кафедрасының профессоры, Қазақстан Журналистер академиясының президенті Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы.

Тұсаукесерде «Турфанский минарет. Моя родословная» атты кітаптың лентасын "Алматы көпір конструкциялары зауыты" (АККЗ") жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Шардинов Ахметжан Бакримұлы, ҚР Еңбек сіңірген өнер қайраткері, суретші, жәдігертанушы, аталмыш кітаптын авторы Азат Әкімбек және Қазақстан Журналистер академиясының президенті Қозыбаев Сағымбай Қабашұлы кесті.

Шара аясында А.Әкімбек Қазақстан Журналистер академиясының атынан және «Невада-Семей» Халықаралық ядролық сынаққа қарсы қозғалысының 30 жылдығына орай мерейтойлық медальдарымен марапатталды.

Шараға зиялы қауым мен БАҚ өкілдері қатысты.

photo5363950459901029403   photo5363950459901029404
photo5363911122295565368   photo5363911122295565367