+7 (727) 267-28-83

egemen

2019 жылғы 8 қарашада Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов атындағы залында «Егемен Қазақстан» газетінің 100 жылдығына арналған «Ұшқыннан басталған Egemen Qasaqstan» мерекелік іс-шарасы өтті. Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашты.

Салтанатты шарада алғашқы сөз Алматы қаласының әкімі Бақытжан Әбдірұлы Сағынтаевқа берілді. Алматы қаласының әкімі Б.Ә.Сағынтаев егеменқазақстандықтарды басылымның 100 жылдық мерейтойымен құттықтап, еліміздің бас газетінің республикамыздың әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық өмірінде маңызды рөл атқарып келе жатқанын атап көрсетті.

Сондай-ақ, шараға қатысушыларды және мерейтой иелерін «Egemen Qasaqstan» газеті акционерлік қоғамының басқарма төрағасы Дархан Қуандықұлы Қыдырәлі құттықтады. Ел газетінің мерейтойына арнап шығарылған «Жүз жылдық жылнама» атты бес томдықтың тұсауын Б.Ә.Сағынтаев, Д.Қ.Қыдырәлі, Б.Б.Нұржекеев, Н.М.Оразалин кесті.

Шарада, сондай-ақ филология ғылымдарының докторы, профессор Серік Қирабаев, жазушы, «Egemen Qasaqstan» газетінің ардагері Сарбас Ақтаев, филология ғылымдарының докторы, ғалым, «Egemen Qasaqstan» газетінің бұрынғы қызметкері Өмірзақ Айтбайұлы, ақын, драматург, мемлекет және қоғам қайраткері, «Egemen Qasaqstan» газетінің бұрынғы басшысы Нұрлан Оразалин, Жазушылар одағының төрағасы Ұлықбек Есдәулет, «Алматы-ақшамы» қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы, «Егемен Қазақстан» газетінің бұрынғы қызметкері Қали Сәрсенбай және басқалар  сөз сөйледі.

Мерейтой аясында газет ардагерлері түрлі марапаттарға ие болды. Сонымен қатар   өнертанушы Ерлан Төлеутай, актер Жанат Тыңбаев және әнші Саят Нұрғазин әннен шашу шашты. 

ҚР Ұлттық кітапханасы «Egemen Qasaqstan» газетінің жүріп өткен 100 жылдық кезеңінің шежіресіндей газеттің 100 нөмірі қойылған «Ұшқыннан басталған Egemen Qasaqstan» атты көрме ұйымдастырды.  

DSC 0486   DSC 0433   DSC 0595
DSC 0523   DSC 0539   DSC 0628