+7 (727) 267-28-83

photo59194108192868049232018 жылғы 5 қарашада  ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ақын, жазушы, психолог және сценарист Карина Сәрсенованың 3 кітабының тұсаукесері өтті.

Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы ашып, сөз кезегін кештің басты кейіпкері Карина Сәрсеноваға берді. 

Салтанатты рәсімде  кітаптардың лентасын мекеме басшысы Б.Қ.Оспанова мен  авторы К.Сәрсенова кесті.                                                          

Сонымен қатар кеште қобыз, домбыра сынды аспаптармен әуендер ойналып, әнмен шашу шашылды.

Карина Сәрсенова ең үздік сұрақ қойған және белсенді көрерменге М.Ю.Лермонтов атындағы орыс драма театрына билеттер сыйлап, шараға қатысушыларға тұсауы кесілген кітаптарын сыйға тартты.                                            

Шығармашылық кешке  кітапхана оқырмандары, студенттер, зиялы қауым және БАҚ өкілдері қатысты.

photo5919393540633373099   photo5919252785965148569   photo5919384697295710632
photo5919130808893942185   photo5919037831441918344   photo5919069966387227070