+7 (727) 267-28-83

DSC 0085

2019 жылғы 17 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы Ресей Мемлекеттік өнер кітапханасымен (РМӨК) бірлесіп, Ресей Мемлекеттік өнер кітапханасының қорынан «Ресей халықтарының костюмі XVIII-XIX ғасырлардың графикасында» атты көшпелі көрмесінің салтанатты тұсаукесер рәсімін және «Кітапхана ұлттық өнерге көмектеседі»  атты  дәріс–практикумды өткізді.

Салтанатты шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзімен ашты.

Сондай-ақ, тұсаукесер салтанатында Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастығы өкілдігі басшысының орынбасары Переверзева Ирина Владимировна, Ресей Ұлттық өнер кітапханасының директоры, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Колганова Ада Ароновна, «Құрмет» орденінің иегері, суретші Алтынбеков Қырым Алтынбекұлы сөз алып, жылы лебіздерімен бөлісті.

Көрменің тұсаукесер рәсімін ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы мен Ресей Ұлттық өнер кітапханасының директоры, әдебиеттанушы, филология ғылымдарының докторы Колганова Ада Ароновна кесті.

Аталмыш кітапханалардың директорлары ынтымақтастық туралы шартқа қол қойды.

Көрме аясында Ресей Ұлттық өнер кітапханасының директоры Колганова Ада Ароновна «Кітапхана ұлттық өнерге көмектеседі» атты дәріс–практикум өткізді.

Шараға кітапхана қызметкерлері, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0015   DSC 0071
DSC 0095   00

 

                                 

Сайтта

Қазір сайтта 119 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.