+7 (727) 267-28-83

DSC 0249

2019 жылғы 10 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында кітапхананың жанынан құрылған «Жас қалам» жастар шығармашылық бірлестігінің салтанатты түрде ашылу рәсімі және оның төрағасы ақын, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Мұратқан Шоқанмен кездесу өтті.

 

Кездесуді ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы ашып, «Жас қалам» жастар шығамашылық бірлестігінің үйлестірушісі  – Орманбеков Таңжарық Нұрмұханұлын таныстырды және сөз кезегін модератор, «Жас қалам» жастар шығармашылық бірлестігінің төрағасы, ақын – Мұратхан Шоқанға берді.                                                                 

Сонымен қатар   «Жас қалам» жастар шығамашылық бірлестігі төрағасының орынбасары,   филология ғылымдарының докторы, профессор, Ресей жаратылыстану академиясының академигі – Гаухар Балтабаева мен Қайнар университеті «Журналистика және тілдер» кафедрасының меңгерушісі, профессор Гүлнар Мұхаметқалиева клубтың ашылуымен құттықтап, оның жұмысына сәттілік тіледі.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, клуб мүшелері, Ұлттық кітапхана қызметкерлері, оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0257   DSC 0273
DSC 0283   DSC 0241