+7 (727) 267-28-83

DSC 0180

  2019 жылғы 9 қазан, сағ.11.00-де ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Алматы қаласы Әкімдігінің қолдауымен, республикалық «Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық ұйымы және халықаралық «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің бірлесе ұйымдастыруымен «Ұлттық  мүддені  қорғау мемлекеттік тілден басталады»  атты дөңгелек үстел өтті.

 

Дөңгелек үстел барысында мемлекеттік тіл – қазақ тілінің мәртебесі мен қолданылу аясын арттыру мақсатында ҚР Тіл туралы Заңының тармақтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу, қазақ тілінің қолдану аясын кеңейту және бұл мақсаттағы атқарылар іс-шараларды Алматы қаласынан бастау көзделді.

Шараны  «Qazaqstan dauiri» қоғамдық-саяси газетінің Бас редакторы, жазушы  Ертай Айғалиұлы ашып, сөз кезегін ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлына ұсынды. Ол өз кезегінде «Ұлттық мүддені қорғау мемлекеттік тілден басталады» атты дөңгелек үстелдің ашылуымен құттықтап, қазақ тілінің мәртебесі туралы ойларымен бөлісті.  Республикалық «Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық ұйымының төрағасы Мырзағұл Әбдіқұлов «Желтоқсан көтерілісі» қоғамдық ұйымның атқарар қызметі мен ұстанымы жайлы қысқаша түсіндіріп, құттықтауын жеткізді.

Сонымен қатар қоғам қайраткері Хасен Қожахмет мемлекеттік тілге арналған баяндамасын оқыды.                                                          

Дөңгелек үстелге Алматы қаласының жұртшылық, БАҚ өкілдері және жастар ұйымдары қатысты.

DSC 0184   DSC 0198
DSC 0199   DSC 0236

 

Сайтта

Қазір сайтта 106 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.