+7 (727) 267-28-83

DSC 0030

2019 жылғы 9 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында ақын, қазақ әдебиетінің классигі Ілияс Жансүгіровтің  туғанына 125 жыл толуына орай әдеби кеш және Халықаралық ТҮРКСОЙ ұйымының бастамасымен жарық көрген «Үш арыс» кітап-альбомының тұсаукесер рәсімі өтті.

 

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашып, сөз кезегін модератор, «ТҮРКСОЙ» халықаралық ұйымының өкілі Асқар Тұрғанбаевқа ұсынды.                              

«Үш арыс» кітап-альбомының лентасын Қазақстанның Еңбек Ері, саясаткер  Олжас Сүлейменов,  мәдениеттанушы-ғалым, дипломат, мемлекет және қоғам қайраткері Мұрат Әуезов, Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіровтер кесіп, шара аясында өздерінің құттықтауларын жеткізді.             

Сонымен қатар дәстүрлі әнші Ерлан Төлеутай, Ж.С.Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина университетінің студенттері М.Біләшов, Т.Қ.Зайсанбаев, А.Мамедов және Л.Мишралар әннен шашу шашты.                           

Сондай-ақ «Үш арыс» кітап-альбомына демеушілік еткен Сәкен Сейфулиннің туыстары да өз лебіздерін білдірді.                                                 

Шара аясында Ұлттық кітапхананың қорынан Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығына арналған «Халық өмірінің қаһарман  жыршысы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.                                                     

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, түркітілдес халықтардың диаспораларының өкілдері, кітапхана оқырмандары мен БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0022   DSC 0026
DSC 0039   DSC 0020

 

Сайтта

Қазір сайтта 215 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.