+7 (727) 267-28-83

1

2019 жылғы 27 қыркүйек, сағат 15.00-де Қытай мәдениеті мен әдебиеті залында «Мәдениетті біріктіретін кітап»  атты дөңгелек үстел өтті.

Іс-шарада кітаптың қоғамдағы рөлі мен маңызы, бір тілден басқа тілге аударудың сапасы, сондай-ақ қазіргі заманғы аударма әдебиетінің қиындықтары мен мәселелері талқыланды.

Әлем әдебиеті қызметінің жетекшісі С.Т.Тұяқова құттықтау сөз сөйледі. Осы кездесудің модераторы «Шығыс әдебиеті және өнері» Халықаралық баспа компаниясы бас редакторының орынбасары Нұрғиса Өмірбайұлы болды. Ол баспаның мақсаты, Қазақстандық оқырмандарды Қытай тарихымен, мәдениетімен және әдебиетімен таныстыратын кітаптар туралы әңгімеледі. Кәсіби аудармашылар Ж. Омаров пен А. Байбөлекова аударма әдебиетінің қиындықтарымен, шетелдік баспалардың жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Кездесу барысында студенттер Нұрғиса Өмірбайұлына қытай тілінен аударудың ерекшеліктері туралы сұрақтар қойды.

Кездесу барысында ҚР Ұлттық кітапханасы қорынан және «Шығыс әдебиеті және өнері» халықаралық баспа компаниясының кітаптарынан «Аударма әдебиеттері – күрделі, көп қырлы құбылыс» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Іс-шараға Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінің, Халықаралық қазақ-қытай тілдер колледжінің студенттері, Алматы қаласының жоғарғы оқу орындарының оқытушылары, кітапханашылар, БАҚ өкілдері қатысты.                                                                  

3   4
5   6