+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 4 қазанда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Тіл саясаты комитетінің тапсырысымен Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығы «Жаңа емлені бекіту: маңызы мен мүдделі органдардың міндеттері» атты қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру жөніндегі Ұлттық комиссия жанынан құрылған Орфографиялық топтың (бұдан әрі – Орфографиялық топ) отырысы өтті.                        

Семинардың мақсаты – жаңа әліпби негізінде жасалған Жаңа емле ережесін бекіту қарсаңында оны сараптаудан өткізіп, түзету, жетілдіру жұмыстарын жүзеге асыру және қазақ тілі емлесінің негізгі ережелерін бекіту алдында жазылымы даулы орфограммалардың емлесін талдау, талқылау.                 Шараның модераторы – Шайсұлтан Шаяхметов атындағы «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының атқарушы директоры Ербол Тілешов.                         
Семинарда алғашқы болып ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің төрағасы Ғалымжан Мелдешов сөз алды.                        Семинарға Тіл саясаты комитеті басшылары, «Тіл-Қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қызметкерлері, орфографиялық топ мүшелері қатысты. Семинар барысында 2019 жылдың 27-29 маусымы аралығында  емле ережелерін талқылау барысында дайындалған соңғы нұсқаға енгізілген өзгертулер талқыланды, орфографиялық топ мүшелері мен емле құрастырушы мамандар тарапынан баяндамалар жасалды. Семинар қорытындылары А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтына жолданады.

DSC 0010   DSC 0003
DSC 0007  

 

Сайтта

Қазір сайтта бір қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.