+7 (727) 267-28-83

IMG 12792019 жылғы 25 қыркүйекте Өзбекстандағы Ә.Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының «Қазақстан-Өзбекістан: ынтымақтастықтың жаңа көкжиектері» атты кітап көрмесінің салтанатты ашылуы өтті. Іс-шара Өзбекстандағы Қазақстан жылына арналды. 25-26 қыркүйек аралығында Ә.Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасында қызмет жасайтын Орталық Азия бойынша IFLA/ПAK аймақтық орталығының жұмысы аясында «Шығыс кітаптарын қалпына келтіру» шеберлік сабақ өтті.

«Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б. Жаркналова мен Көрмелер және мәдени бағдарламалар қызметінің топ жетекшісі А.Б. Мамбаева өзбек оқырмандарына Қазақстанның тарихымен, әдебиетімен және мәдениетімен, өткені мен бүгінгі заманның атақты және көрнекті қайраткерлерімен таныстыратын жаңа қазақстандық кітаптар мен қызықты материалдарды ұсынды.

Ә.Науаи атындағы Өзбекстан Ұлттық кітапханасының директоры У.А.Тешабаева, Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінің кеңесшісі Р.Е. Дүйсенов, ҚР Ұлттық кітапханасы «Қазақстан кітаптары» қызметінің жетекшісі М.Б. Жаркналова және т.б. құттықтау сөз сөйледі.

Іс-шара соңында Өзбекстан Ұлттық кітапханасына және Өзбекстанда тұратын отандастарға кітаптар сыйға берілді. Бұл қазақ әдебиетінің классиктерінің шығармалары – А.Құнанбаев, М.Әуезов, С.Мұқанов, М.Мақатаев, О.Сүлейменов және ерекше анықтамалық басылымдар.

25-26 қыркүйек күндері Өзбекстаның Әлішер Навои атындағы Ұлттық кітапханасында ҚР Ұлттық кітапханасының мамандары Қалпына келтіру, консервация және түптеу қызметінің жетекшісі Б.Ш. Сарсенбаева және қалпына келтіруші М.Д. Өскембаева «Шығыс кітаптарын қалпына келтіру» тақырыбында шеберлік сабағын өткізді.

Шеберлік сабағы ҚР Ұлттық кітапханасында қызмет істейтін және Өзбекстандағы Қазақстан жылымен тұспа-тұс келген Орталық Азиядағы ИФЛА/ПАК аймақтық орталығының аясында өтті.

Шеберлік сабағына Ташкенттегі кітапханалар мен мұрағаттардан, сондай-ақ Самарқандтан келген қалпына келтірушілер қатысты. Шеберлік сабаққа қатысушылар құжаттарды сақтау бойынша жұмыстармен танысты, кітаптарды қалпына келтірудегі жаңа технологиялар ұсынылды және былғары байлау өндірісін көрсетті. Бұл Орталық Азия бойынша IFLA/ПAK аймақтық орталығындағы алғашқы көшпелі шеберлік сабақ.

IMG 1451 IMG 1286
IMG 1250 IMG 1259