+7 (727) 267-28-83

DSC 0926

2019 жылғы 3 қазанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасының Кітапханатану залында режиссер, сценарист Тамара Мұқанованың «Алтай золотоспинный с запахом можжевельника» атты кітабының тұсакесер рәсімі өтті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Болат Жүнісбекұлы Жүнісбеков ашты.

Шараның модераторы – Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының «Кино тарихы мен теориясы» кафедрасының доценті Надежда Николаевна Беркова.

Кеште «Қазақфильм»  киностудиясының  мультипликация  бөлімі мен «Простор» журналының бас редакторы, анимация ардагері Қайрат Бақбергенов, кинорежиссер, сценарист, Кинематографистер одағының мүшесі, анимация ардагері Гүлмира Абдрахмановна Садықова, әнші, мультипликатор-суретші, анимация ардагері Галина Николаевна Дусенка және басқалар Тамара Мұқанованың «Алтай золотоспинный с запахом можжевельника» кітабына тоқталып, жылы лебіздерімен бөлісті.     

Сонымен қатар Тамара Мұқанованың шәкірттері арнайы құттықтап, ұстаздарына  алғысын айтып, ыстық ықыластарын жеткізді.                                    

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері және Алматы қаласының студенттері қатысты.

 DSC 0943  DSC 0961

 

Сайтта

Қазір сайтта 90 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.