+7 (727) 267-28-83

ҚР Ұлттық кітапханасының Ө.М.Сұлтанғазин атындағы ғылыми қызметкерлерге арналған залында көрнекті математик, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, радиациялық трансферт теориясы саласындағы ғылыми мектеп негізін қалаушы Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің туған күніне орай «Әлем ғылымының саңлағы» атты кітап ұйымдастырылды.

44

Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазин 1936 жылы 4 қазанда Қостанай облысы,  Урицкий  ауданының Қара-Оба ауылында дүниеге келген. 1944-1953 жылдары ол  Қара-Оба орта мектебінде оқыған. 1958 жылы С.М. Киров (қазіргі әл-Фараби атындағы Қаз ҰУ) физика-математика факультетін үздік бітірді.

Оның ғылымға деген қызығушылығы студенттік  жылдарынан  басталған. Ө. Сұлтанғазин университетте ауыспалы масса нүктесінің механикасын зерттеді. Қазақ КСР Ғылым   академиясының академигі К.П. Персидскийдің және профессор В.А.Сапаның жетекшілігімен ІІ Республикалық математика және механика конференциясында баяндалған және жарияланған «Ауыспалы масса нүктесінің салыстырмалы қозғалысының екі мәселесі» тақырыбында диссертациясын  жазды.

Ө.Сұлтанғазиннің ғылыми қызығушылықтары мен өмірлік ұстанымдарының қалыптасуына әсер еткен белгілі ғалымдар Г. И. Марчук, С. К. Годунов, М.М. Лаврентьев, Н.Н. Яненко және т.б. Ол бірнеше рет С.Л. Соболев, Л.В. Канторович, Г.И. Марчук   және т.б.   академиктердің ғылыми семинарларында   баяндамалар жасады.

Ө.Сұлтанғазин - көрнекті математик, Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының академигі, радиация трансферті теориясы саласындағы қазақстандық ғылыми мектептің негізін қалаушы. Ол қажетті пәнаралық бағдарламаларды қалыптастыруда мақсатты түрде жемісті жұмыс істеді және олардың сапалы орындалуын қадағалады. Ол Больцман теңдеуінің сызықтық емес модельдерінің математикалық теориясы мен есептеу математика саласындағы зерттеу нәтижелері, ол  сәулеленудің кинетикалық теориясының көпөлшемді есептері үшін әртүрлі сұлбалаларды құру және негіздеу әдістерін қосатын, плазмалық теорияны, шығарылған газдардың динамикасында, радиацияның берілу теориясында және т.б. негіздеді. Осы және басқа да ғылыми жұмыстары үшін Ө. Сұлтанғазинге КСРО Мемлекеттік сыйлығы (1987), Чехословакия ғылым академиясының жаратылыстану саласындағы сыйлығы (1989) берілді. 

Ленин, Еңбек Қызыл Ту, «Парасат» ордендерімен, С.П.Королев және П.Л. Капица атындағы медальдармен марапатталған. Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арналған мерейтой медалі (2001), Халықаралық ғарыштық ұшуларға қатысушылар қауымдастығының қола медалі (2001). «Ғылым»  номинациясы бойынша Тарлан сыйлығының лауреаты. Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің грамоталарымен марапатталған (1982, 1986), Ресей Косманавтика академиясы. Қ.Е.Циолковский (2002) және бірнеше құрметті дипломдармен және медальдармен марапатталған.

Бүгінгі күнде Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының ғылыми қызметкерлерге арналған залы  Өмірзақ Махмұтұлы Сұлтанғазиннің есімімен аталады. Ғалымның есімін беру мақсаты – математика ғылымының дамуына үлес қосқан және әлемдік деңгейде Қазақстанның беделін арттырған көрнекті ғалымның шығармашылық мұрасын кеңінен насихаттау.

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан «Әлем ғылымының саңлағы» атты кітап көрмесінде  ғалым Ө.Сұлтанғазиннің өмірі мен шығармашылығы туралы материалдар, оның ғылыми еңбектері, мерзімді басылым беттерінде жарияланған мақалалары, сонымен қатар ғалымның фотосуреттері ұсынылған.

 Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 96 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.