+7 (727) 267-28-83

nur

«МАХАББАТ, ҚЫЗЫҚ МОЛ ЖЫЛДАР РОМАНЫНДАҒЫ КЕЙІПКЕРЛЕР ӘЛЕМІ»

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ХАЛЫҚ ЖАЗУШЫСЫ Ә.НҰРШАЙЫҚОВ АТЫНДАҒЫ СТИПЕНДИЯ ТАПСЫРУҒА АРНАЛҒАН ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БАЙҚАУ-2019

Халық жазушысы Ә.Нұршайықов атындағы стипендия тапсыруға арналған Байқау-2019 осы жылдың 16 қыркүйегінен 16 қарашасына дейін болады.

Биылғы Байқау-2019 форматына өзгерістер енгізілді. Байқау-2019-ға Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан таңдап алынған қысқаша үзіндіге иллюстрация ретінде түрлі техникамен орындалған (әртүрлі бояулармен: акварельмен, майлы бояумен, пастельмен) фотосуреттер мен көркем суреттер қабылданады. Байқауға жіберілген жұмыстар байқауға қатысушы аталған романнан өзі таңдап алған (қазақ тілінде, орыс тілінде) қысқаша үзіндіге  толықтай сәйкес келуі тиіс. Бұл екі ғашықтың  қол ұстасып тұрған жай суреті ғана болмау керек.

Байқауға қатысатын суреттің идеясы мен көтерген мәселесі «Махаббат, қызық мол жылдар» романынан алынған үзінді мәтініне сай болып, оның терең мазмұнын бере алуымен қатар, жұмыстың орындалу (техникалық) шеберлігі де жоғары болуы тиіс. 

Жұмыстардың түпнұсқасы (салынған суреттің өзі) және А4 қағазда басылған аталған романнан алынған үзіндінің мәтіні және толтырылған анкета мына мекенжайға: 050029 Алматы, Бөгенбай батыр, 152, Габдикаримова Әлия Бейбітқызына талап етілгенге дейін пошта арқылы) және электронды  түрде  (жұмыстың сканерлеген нұсқасы, А4 қағазда басылған романнан алынған үзінді мәтіні және толтырылған анкета Этот адрес электронной почты защищен от спам-ботов. У вас должен быть включен JavaScript для просмотра. электронды поштасына) жіберілуі тиіс.   Жұмыстың түпнұсқасы қайтарылмайды.

Байқау-2019-ға Қазақстанның ЖОО студенттері, магистранттары, докторанттары қатыса алады.

Байқау-2019 жұмыстарының сараптамасын әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың алдыңғы қатарлы оқытушылары мен профессорлары, сондай-ақ жазушының отбасы мүшелері жүргізеді. Жеңімпаздарға  стипендияның тапсырылуы  2019 жылы 29 қарашада, сағат 14:00-де  ҚР Ұлттық кітапханасының Кітаптану залында өтеді. Мекенжайы: Алматы қаласы, Абай даңғылы, 14.

Ең үздік деп танылған шығармалар жазушының http://nurshaikhov.kz жеке сайтында жарияланады

Стипендия фотосурет өнері және бейнелеу өнері бойынша бірінші, екінші, үшінші орындарға беріледі. Сондай-ақ ынталандыру сыйлықтары болуы мүмкін.

Байқауды жыл сайын Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ  шетелдіктердің тілдік және жалпы білім беру дайындығы кафедрасы өткізеді.

Қосымша ақпарат www.kaznu.kz   сайтында жарияланады.

ҚАТЫСУШЫНЫҢ АНКЕТАСЫ

Аты-жөні_________________________________________________________

Туған жылы  ______________________________________________________

ЖОО аты_________________________________________________________

Факультет_________________________________Курс___________________

Қатысушының мекенжайы__________________________________________

 Ұялы телефон______________________e-mail_________________________