+7 (727) 267-28-83

13

2019 жылғы 1 қазанда Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Е.Тұрсынов залында 1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай құрметті демалыстағы зейнеткер-әріптестерімізбен кездесу өтті. 

Ұлт руханиятының ордасы, киелі қара шаңырақта сүбелі еңбек еткен, марқұм болған кітапхана қызметкерлеріне бағыштап құран оқылды.   Шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашып, ұжым зейнеткерлеріне жылы лебізін білдірді. Сондай-ақ, мекеме басшысы Ұлттық кітапхананың заман талабына сай қызметі мен әлемдік деңгейдегі жеткен жетістіктеріне тоқтала отырып, кітапхана директорының орынбасарларын және қызметтердің жетекшілерін таныстырды.

Ұлттық кітапханаға зор еңбек сіңірген, қадірлі қонақтарымыз Исмаилов Еділхан Исмаилұлы, Қабдолдина Күләш Аязбекқызы, Маметова Айман Қанатқызы сөз сөйлеп, естеліктерімен бөлісті. Қоғам қайраткері, «Құрмет», «Парасат» ордендерінің иегері Тшанов Амалбек Қозыбақұлы, профессор Ислам Жеменей, «Қазақ радиосының» дикторы Аманжан Еңсебаев және басқа ел қалаулылары зейнеткерлерімізді құттықтап, кітапхана ұжымына терең ризашылықтарын білдірді.

Шара аясында қазақ өнерінің саңлақтары Қанат пен Айткүл Құдайбергеновтер, Кенжебек Жанабілов, Мэлс Сағатұлы, жұлдызды отбасы Қайрат пен Жұлдыз, «Алатау» дәстүрлі өнер театрының әншісі Жасұлан Мұсағалиев және басқа танымал әншілер өнер көрсетіп мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Салтанатты шараның соңы мерекелік дастарханға жалғасты.

DSC 0829   DSC 0774
DSC 0589   DSC 0535
DSC 0512   DSC 0456

 

Сайтта

Қазір сайтта 93 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.