+7 (727) 267-28-83

DSC 0332

2019 жылғы 27 қыркүйекте, ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Қазақстан Республикасы Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында әзірбайжанның «DeDe Gorgud» Ұлттық қоры және «Әзірбайжан дуниесі» халықаралық журналына (World of Azerbaijan)  20 жыл толуына орай басылымның  ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевқа, Қазақстан халқына, Әзірбайжан мен Қазақстанның бауырластық және достық қарым-қатынастарына арналған мерейтойлық арнайы нөмірінің тұсаукесер рәсімі өтті.

Іс-шараны  ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы құттықтау сөзімен ашып, тізгінді кездесудің  модераторы – жазушы, публицист Насиха Гумароваға ұсынды.                                                          

«DeDe Gorgud» ұлттық қорының президенті және «Әзірбайжан дуниесі»  халықаралық журналының (World of Azerbaijan) бас редакторы Эльдар Исмаилов сөз алып, Тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік ұлы тұлға екенін атап көрсетті. Ол, сондай-ақ тұсаукесер салтанатында Қазақстанның Еңбек Ері, ақын Олжас Сүлейменовті жоғары награда – «Отан ұлы» орденімен марапаттады.

Өз кезегінде Сүлейменов Олжас Омарұлы қазақ және әзірбайжан халықтарының өзара достықтарына кең тоқталды.

Шарада «Әзірбайжан дуниесі» халықаралық журналының (World of Azerbaijan)   мерейтойлық номерінің тұсакесер рәсімі жасалып, Россияның бас консулы Е.П.Бобров, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Шығыстану факультетінің деканы Ы.Палтөре, «Игілік» журналының бас редакторы М.А.Айтенова, Қоғам қайраткері, ақын А.Ж.Қыдырбаев, Алматы қалалық мәдениет басқармасы жетекшісінің орынбасары Р.Н.Бектұрсынова және басқалар сөз сөйлеп, жылы лебіздерін білдірді.                                         

Тұсаукесер рәсіміне Алматы қаласы жұртшылығы, студенттер және БАҚ өкілдері қатысты.

DSC 0324 1   DSC 0364
DSC 0377   DSC 0295

 

Сайтта

Қазір сайтта 300 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.