2019 жылғы 26 қыркүйекте ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың «Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты Қазақстан Республикасы арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының І слеті басталды.
Слетті Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың директоры Байұзақов Асхат Құсайынұлы ашты.
ҚР Ұлттық кітапханасының ғылыми хатшысы Жүнісбеков Болат Жүнісбекұлы слетке қатысушыларды құттықтап, олардың жұмысына табыс тіледі.
Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхана – нүктелі-бедерлі қаріпте жазылған әдебиеттер мен үлкейтілген қаріп басылымдарының, фонограф жазбаларының, кинофильмдердің, тактильді, дыбысталған, электронды, рельефтік-графикалық кітаптардың теңдесі жоқ қазынасы. Кітапхана қорында 248 410-нан астам сақтау бірлігі бар. Қазіргі уақытта отандық және шетелдік авторлардың классикалық шығармалары, өлеңдері, ғылыми фантастика, көркем әдебиеттер, сонымен қатар, барлық білім саласындағы бірнеше тілдегі басылымдар көпшілікке ұсынылуда. Республикалық кітапхана жыл сайын 3000-ға жуық оқырманға қызмет көрсетеді.
«Кітапхана әлемі – жастар әлеуеті мен жүзеге асырылатын мүмкіндіктер мекені» атты ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының І слеті ертең, 27 қыркүйекте Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған Республикалық кітапхана ғимаратында одан әрі жалғасады.
ҚР арнайы кітапханалары жас кітапханашыларының І слетіне облыстық кітапхана өкілдері мен жоғары оқу орындарының студенттері қатысуда.
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |