+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 20 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасына Мысыр Араб Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі жанындағы Мысыр мәдениет және білім істері жөніндегі Атташе доктор Ранда Махмуд Ризк келді.

Мәртебелі жоғары қонақтың ресми сапары кезінде екі тараптың екіжақты мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамыту ниетін негізге ала отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы жанынан халықтар арасындағы ақпараттану және өзара түсіністікті жақсарту үшін Мысыр Араб Республикасы, оны мекендейтін халықтары, заңнамалары, мемлекеттік құрылымы, тарихы мен мәдениеті туралы ақпаратты тарату мақсатында өзара ынтымақтастық және Мысырдың мәдениет және әдебиет орталығын ашу туралы Меморандумға қол қойылды.

Мысыр Елшілігі тарапынан Орталыққа араб тілінде: кітаптар, мерзімді және мультимедиялық басылымдар тегін берілетін болады; Орталықты техникалық жабдықтармен, компьютерлермен, жиһазбен, халықтық-қолданбалы шығармашылық деректемелермен қамтамасыз етуде қажетті қолдау көрсететін болады. Кітапхана Орталықтың жұмыс істеуі мен ақпараттық ресурстарды орналастыру үшін кеңістік ұсынады және барлық қажетті жағдайлар жасайды, сондай-ақ пайдаланушыларға Мысыр Араб Республикасының тарихы мен мәдениеті бойынша ақпаратқа еркін қол жеткізуді қамтамасыз етеді.