+7 (727) 267-28-83

IMG 9981

2019 жылғы 29 тамызда ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты ҚР Ұлттық кітапханасының Н.Дәулетова атындағы залында Қазақстан Республикасының Конституция күніне арналған «Конституциялық құндылықтар және оларды Қазақстанның заңнамасы мен құқық қолдану практикасында жүзеге асыру жолдары» атты жыл сайынғы Дөңгелек үстел (ІІІ –Тамыз оқулары) өтті.

Іс-шараны Алматы қалалық сотының төрағасы Әбдіқанов Нұрғазы Әбенұлы сөз сөйлеп ашып, қатысушыларды 30 тамыз – Қазақстан Республикасының Конституция күнімен құттықтады. Сонымен қатар, Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқарманың басшысы Есенбеков Айдар Рахымжанұлы және ҚР Ұлттық кітапханасы директорының ақпараттық  технологиялар және инновациялар жөніндегі орынбасары Искалиева Нүрия Аманғалиқызы  сөз сөйлеп, ізгі тіліктерін білдірді.

Дөңгелек үстелге қатысушылар «Конституциялық құндылықтар және оларды Қазақстанның заңнамасы мен құқық қолдану практикасында жүзеге асыру жолдары» атты тақырыпта баяндама оқып, өз пікірлерімен бөлісті.

Шара аясында «Көрмелер және мәдени бағдарламалар» қызметінің жетекшісі Ж.А.Әбдікерімова шараға қатысушыларды Ұлттық кітапхананың  қорынан ұйымдастырылған «Алматы қалалық сотына 50 жыл» атты кітап көрмесімен таныстырды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері мен Ұлттық кітапхана қызметкерлері, оқырмандары және БАҚ өкілдері қатысты.

IMG 9976   IMG 9993
WhatsApp Image 2019 08 29 at 181121 1   WhatsApp Image 2019 08 29 at 181115 1

 

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 286 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.