+7 (727) 267-28-83

WhatsApp Image 2019 08 28 at 165852 1

2019 жылдың 28 тамызында ҚР Ұлттық кітапханасы директорының орынбасары Н.А. Искалиева Қазақстандағы Иран Ислам Республикасы Елшілігінің мәдениет кеңесшісі Али Кебриай Заде мырзамен кездесті.

Кездесу барысында ынтымақтастықтың мәдени-гуманитарлық мәселелері талкыланып, ҚР Ұлттық кітапханасы жанындағы  Иран кітап бұрышының одан әрі  дамуы және бірлесіп мәдени шараларды ұйымдастыру, Қазақстан мен Иран арасындағы мәдени-кітапханалық екі жақты байланысты нығайтудың жайы сөз болды.

Ұлттық кітапханада елшіліктермен  және дипломатиялық өкілдіктермен келісім шарт негізінде ашылған  Ресей, Үндістан, Иран, Түркия, Пәкістан және Қытай  елдерінің кітап бұрыштары мемлекеттер  арасындағы  мәдени байланыстардың  дамуына және нығаюына  үлесін қосады.

WhatsApp Image 2019 08 28 at 165852   WhatsApp Image 2019 08 28 at 165854
WhatsApp Image 2019 08 28 at 165854 1   WhatsApp Image 2019 08 28 at 165856

 

Сайтта

Қазір сайтта 143 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.