+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 23 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында Дүниежүзілік кітап күніне орай «KITAP SHOY´- 2019»  атты мерекелік шара өтті.

shoy

23 сәуір - әлем әдебиеті үшін атаулы күн. Кітап пен Сөзге деген сүйіспеншілікте, шын мәнінде, шек жоқ. Жыл сайын 23 сәуірде әлемнің 100-ден астам елінде Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтіледі. Іс-шара кітап пен авторларға деген құрметтің және кітап оқуды насихаттаудың жарқын көрінісі болып табылады. Бұл мереке жаңа технологиялар ғасырында кітаптың қашанда көшбасшылық орында тұратынын, ал кітап оқу жанға ләззат сыйлайтынын еске салуға бағытталған.

Мерекелік шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Оспанова Бақытжамал Қайырбекқызы құттықтау сөзбен ашты.

Сонымен қатар, Алматы қаласы Мәдениет басқармасының басшысы  Нұрлан Сыдықов мырза, Алматы қаласындағы ЮНЕСКО Кластерлік бюросының коммуникация және ақпарат мәселелері жөніндегі маманы – Карпов Сергей Аркадьевич, Алматы қаласындағы ҚХР Бас консулы – Чжан Вэй мырза, Қазақстан Республикасындағы Ресей ынтымақтастақ өкілдігі, Алматы қаласындағы Ресей Федерациясы консульдығының консулы Ирина Владимировна Переверзева, Қазақстандағы Гете-Институт кітапханасының ақпараттық орталық бөлімінің жетекшісі – Шолпан Қызайбаева және т.б құрметті қонақтарымыз сөз сөйлеп, ізгі тілектерін білдірді.

«KITAP SHOY´- 2019» дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күніне орай ұйымдастырылған шара аясында кітапхананың 7 оқу залында түрлі аудиториялар үшін кездесулер, викториналар, оқулар, поэзия кеші, әдеби-театрландырылған композициялар ұсынылды.

Өнер залында: ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Марина Ганцеваның жетекшілігімен «Созвездие Андрес» балалар театрының «Кеңес ақындары балаларға» әдеби-театрландырылған композициясы ұсынылды.

Қытай мәдениет және әдебиет залында: Қаламқас Арисланованың «Қытай халық композиторы Сянь Синхайдың Қазақстандағы өмірі» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

«Береке» қаржылық орталығында: Интеративтік оқу: «Бремен музыканттары», Балалар әдебиетінің көрмесі ұсынылды.

Е.Тұрсынов кинозалында: Ақын, Жазушылар одағының мүшесі, Алматы қаласы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры аясындағы «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қорының директоры Мұратхан Шоқанның «Отан саған жыр өрімін ұсынам» атты жеке шығармашылық кеші өтті.

Кітапханатану залында «Кітап шахарына саяхат» атты балалар ақыны, аудармашы, Республикалық «Мөлдір бұлақ» журналының редакторы, «Серпер» сыйлығының лауреаты, Қазақстан жазушылар одағының мүшесі Саят Қамшыгермен кездесу өтті.

Н.Дәулетова атындағы залда журналист, публицист, отандық мұнай тарихын жинақтаушы Олег Червинский мен кездесу және «Черная кровь Казахстана» атты кітабының тұсаукесер рәсімі өтті.

KITAP SHOY´- 2019»  атты дүниежүзілік кітап күніне орай ұйымдастырылған мерекелік шараның аясында «КІТАПХАНАНЫҢ ҮЗДІК СЕРІКТЕСІ» номинациясы бойынша:

ҚХР Алматы қаласындағы бас консулы – Чжан Вэй мырза.

Алматы қаласындағы Ресей федерациясы консульдығының консулы – Ирина Владимировна Переверзева.

Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесінің директоры – Роза Қасымбекқызы.

Алматы қаласындағы жастар саясатын дамыту мемлекеттік қоры аясындағы «Әдебиет әлемі» орталығының жетекшісі, «Тұлға-достық» қорының директоры -  Мұратхан Шоқан.

«EDU Stream» Білім беру компаниясы марапатталды.

«ЕҢ КІШКЕНТАЙ ОҚЫРМАН» номинациясы бойынша:

С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасының оқырманы – Лавров Володя марапатталды. Ол анасымен бірге 145 кітап оқыған.

«ЕҢ ЛАЙЫҚТЫ ОҚЫРМАН» номинациясы бойынш: Ернар Сарсеев марапатталды.

«ЕҢ КӨП ОҚИТЫН ОТБАСЫ» номинациясы бойынша:

№4 қалалық кітапхананың оқырмандары - Умбетовтер отбасысы марапатталды.

«ҚҰРМЕТТІ ОҚУ АКАДЕМИГІ» номинациясы бойынша.

1965 жылдан бастап Ұлттық кітапхананың оқырманы болып табылатын – Дайрабай Тынышбек Майлыбайұлы марапатталды.

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК БАЛАЛАР ЖАЗУШЫ» номинациясы бойынша:

Балалар жазушысы, "Золотое перо Руси" ұлттық әдеби сыйлығының, "Алтын қалам-2011" қазақстандық әдеби сыйлығының лауреаты, балаларға арналған "Желтая гусеница" 1 Бүкілресейлік Жазушылар байқауының жеңімпазы -  Елена Клепикова марапатталды.

«ЖЫЛДЫҢ ҮЗДІК АВТОРЫ» номинациясы бойынша:

Белгілі қазақстандық кинорежиссер, сценарист, жазушы, «Келін», «Шал», «Мамырдың жеті күні» атты фильмдердің режиссері, 20-ға жуық сценарий мен 15 ке жуық кітаптың авторы – Ермек Тұрсынов марапатталды.

Мерекелік шараның соңында кинорежиссер Ермек Тұрсынов және «Шал» кинофильмінің актерлік құрамымен кездесу өтіп, шараға келген барша оқырмандар мен қонақтардың назарына «Шал» кинофильмі ұсынылды.

11   12
13   14