+7 (727) 267-28-83

«Қазақстан кітаптары» қызметінің оқу залында Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылған күніне орай кітап көрмесі ұйымдастырылды. 

15 15 ақпан −ауған соғысында болған әрбір жауынгерлер мен офицерлерді еске алу күні. Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылуы АДР- ның (Ауған Демократиялық Республикасы) саяси жағдайды реттеу айналасында 1988 жылы 14 сәуірде Женева келісімі аяқталғаннан кейін 1988 жылдың 15 мамырында басталды.

1989 жылы 15 ақпанда Ауғанстан өкіметінен соңғы Кеңес әскері шығарылды. Он жылға созылған. Ауған соғысында 620 мыңға жуық кеңес жауынгерлері қатысты, оның ішінде  − 22269 қазақстандық.     15 ақпан − Ауғанстан ардагерлерінің мерекесі, қаза болған жауынгер- интернационалистерді еске алу күні. Ауғанстанда халықаралық борышын орындаған «ауғандықтардың» арасында ұшқыштар, танкистер, мотоатқыштар, парашютшылар, селептер, сигналшылар және басқа әскери өкілдер болды. Қазақ әскерлері батылдықпен күресіп, ұрыста ержүректілік танытты. Қазақстанның көптеген қалаларында ауған соғысында қаза болғандарға арнап мемориалдық кешендер орнатылды. Жыл сайын бұл орында ауғандық ардагерлермен кездесу өтеді, ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады, концерттер ұйымдастырылып, соғыс жылдарына байланысты өлеңдер шырқалады. Іс-шараның мақсаты  ̶  ауған соғысына қатысқан әскерлерге көрсетіліп жатқан сый−құрмет. ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан кітап көрмесі сол уақыттағы әскери іс-шаралар туралы, жауынгер-интернационалистер кейіпкерлері туралы кітаптар, сондай-ақ мерзімді баспасөз беттерінде жарияланған ардагерлердің естеліктері қойылған.      

Кітап көрмесіне шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 416 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.