+7 (727) 267-28-83

Мерзімді басылымдар қызметінің оқу залында Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің  90 жылдығына  арналған  көрме ұйымдастырылды

saryarka1928 жылдың қыркүйегінде БКП (б)-нің  Қазақ  аймақтық комитеті Павлодар қаласында қазақ тілінде газет шығару туралы  қаулы қабылдады. Партияның аудандық комитеті газет атауын - «Кенес Туы» деп бекітіп, 17 желтоқсанда  қызметкерлер штаты анықталды.

1930 жылы 14 ақпанда Кеңес Туы газеті  «Колхоз» деп ауысты. Павлодар облысы құрылғаннан кейін  газетті « Қызыл Ту»  деп атауға шешім қабылдады.      1991 жылғы 26 қыркүйекте Қазақстан тәуелсіздігін жариялағаннан кейін, редакция өз газетіне «Сарыарқа Самалы» атты жаңа атау  берді. Газет барлық ауыртпалықты халықпен бірге көрді.  Алғашқы бесжылдықта  колхоздардың құрылуы,  Ұлы Отан соғысы, соғыстан кейін ұжымдық шаруа қожалықтарын  қалпына келтіру, тың және тыңайған жерлерді игеру, Павлодар  Ертісінде  ірі кәсіпорындар құру, тәуелсіз Қазақстан құрылысы сияқты тарихи оқиғалар газет беттерінде  көрініс тапты. Әр жылдарда редакцияда көптеген талантты адамдар жұмыс істеді. Олардың ішінде: Қалижан Бекхожин, Зейін Шашкин, Әзілхан Нұршайықов, Рамазан Тоқтаров және  т.б. көптеген танымал болған  ақындар мен жазушылар. Журналистердің аға буындары  майдангерлер болды. «Қызыл Ту» газетінің қызметкері Ә.Баймолдин аңызға айналған полк командирі болды. Редакторлар Ә.Нұршайықов, С.Шошанов, редактордың орынбасары Ж.Қарпықов, К.Бекбергенов, жауапты хатшы Б.Абдыкадыров, әдебиеттанушы К.Арыков және т.б. әскери ордендермен және медальдармен марапатталған. Редакторлар Ұлы Отан соғысы майданында қайтыс болған қызметкерлерді еске алады және құрметтейді. Редакцияның ғимаратында ескерткіш тақта қойылған. Журналистердің жұмысы лайықты  бағаланды.Сондай-ақ, редакторлар Б.Б.Сейсенбеков, А.М.Мұхамеджановтар «Сарыарқа Самалы» газетінің  компьютерлік жүйеге  өтуіне  өз үлестерін қосты. Қазіргі таңда  «Сарыарқа Самалы»  балаларға арналған төрт беттік «Айналайын» қосымшасын шығарады. Бұл басылымға  жас оқырмандар  өздерінің хаттарын, шығармашылық туындыларын, өлеңдерін және прозаларын жібереді, отбасылық және мектеп  өмірі туралы әңгімелейді. Балалар беті жыл сайын «Айналайын» ​​балалар шығармашылығы фестивалін өткізеді, онда облыстың барлық аудандарынан жүздеген балалар қатысады. «Жас Тimes» қосымша парақшасы  жасөспірім  оқырмандарға   арналады. 1979 жылы 5 наурызда «Қызыл ту» газеті  «Құрмет белгісі» орденімен  наградталды. 2000 жылы  «Сарыарқа самалы» Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алғыс хатымен марапатталды. 2014 жылы Қазақстан Журналистер академиясының жалпыұлттық  «Алтын жұлдыз» дипломын алды. 2016 жылдың 25 қазанында  Павлодар облыстық «Сарыарқа самалы» газетінің 15 000-шы шығарылымы жарық көрді. Бүгінгі күні «Сарыарқа Самалы» газеті аптасына үш рет 16 мың дана таралыммен шығарылады. Көрмеде Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы қорынан  «Сарыарқа  самалы» газетіне арналған мерзімді баспасөз беттеріндегі  газеттің мерейтойына арналған танымал  жазушылар мен журналистердің мақалалары ұсынылған.            

Сіздерді көрмеге шақырамыз!

Сайтта

Қазір сайтта 115 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.