+7 (727) 267-28-83

 2019 жылғы 27 ақпанда Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасы «Беларусь в творчестве и судьбе» тақырыбындағы халықаралық дөңгелек үстел аясында Алматы қаласының Республикалық Достық үйінде «Халықтар достығы - ел бірлігінің кепілі» атты көшпелі кітап көрмесін ұйымдастырды.

IMG 1601

ҚР Ұлттық кітапханасының қорынан кітап көрмесіне Беларусь халқының тарихы мен қазіргі өмірін, мәдениетін, салт-дәстүрлерін, әдет-ғұрыптары мен өнерін насихаттайтын 60-тан астам басылым, қазақ жазушысы Любовь Шашкованың, беларустық жазушы Василь Быковтың шығармалары, танымал Беларусь журналисі, тарихшы, әдебиеттанушы Александр Николаевич Карлюкевичтің журнал беттерінде жарияланған мақалалары ұсынылды.

Көрмемен «Қазақстан кітаптары» қызметінің топ жетекшісі Г.М.Бахтыгереева таныстырды.Іс-шараны «Беларуссиялық мәдени орталығы» аймақтық қоғамдық бірлестігі, ҚР БҒМ М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты, Алматы қ. ҚХА ғылыми сарапшылар тобы, ҚР Жазушылар одағы және ҚР Ұлттық кітапханасы бірігіп ұйымдастырды. Шараға этномәдени бірлестіктердің жетекшілері, Алматы қаласының ғылыми-мәдени қоғам өкілдері: жазушылар, ақындар, журналистер және ЖОО студенттері қатысты.

IMG 1605   IMG 1615

 

Сайтта

Қазір сайтта 120 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.