+7 (727) 267-28-83

2018 жылғы 21 маусымда Н. Дәулетова атындағы залда Қазақстан кітапханалары басшыларының Жылсайынғы кеңесі өтті.

q44

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б. К. Оспанова ашып, 2018 жылғы  Қазақстандағы кітапхана ісінің  жағдайы туралы баяндама жасады.

Кеңестің мақсаты республикадағы кітапхана саласының өзекті мәселелерін талқылау болды.  Атап айтсақ, Қазақстан Республикасында кітапхана ісін дамыту тұжырымдамасының жобасымен, ҚР «Мәдениет туралы» Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша жұмыс»;

Қазақстандық кітапханалық одақтың (ҚКО) қызметі туралы (есеп, құрамын сайлау, алдағы жоспарларды анықтау және т. б.); ҚКО негізінде кітапхана ісі бойынша Сертификаттау орталығын ашу және т.б. бірқатар мәселелер талқыланды.

Кеңес жұмысына ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Жауапты хатшысының м.а. К.Қ.Сейітова, Назарбаев Университеті кітапханасының Бас сарапшысы П.М. Лапо, Алматы қаласының Кәсіпкерлер палатасы Адами капиталды дамыту бөлімінің басшысы В.М.Цзин, ҚР Ұлттық кітапханасының және ҚР Ұлттық академиялық кітапханасының басшылары, еліміздегі республикалық, облыстық кітапханалардың және ОКЖ-ның, ЖОО кітапханаларының басшылары, ҚР Ұлттық кітапханасының қызмет және бөлім жетекшілері қатысты.

Кеңес отырысының аясында жыл сайынғы Республикалық «Оқырманы озық өлке»  2018 жыл байқауының жеңімпазы Солтүстік Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы марапатталды.

q22   q77
q10   q66

 

 

Сайтта

Қазір сайтта 122 қонақ отыр және бірде бір тіркелген пайдаланушы жоқ.