+7 (727) 267-28-83

2019 жылғы 28 мамыр, сағат 15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық кітапханасында дуалды білім беру жүйесінің негізінде кітапхана факультетінің студенттеріне арналған «Кәсібім – келешегім, мақтан тұтар» атты дөңгелек үстел өтті.

2

Дөңгелек үстелдің мақсаты – кітапхана ісі мамандарының тәжірибесін  студенттерге жан-жақты таныстыру, білім алушылар арасында өзара пікір алмасып, ойларымен бөлісу.

Дөңгелек үстелді ҚР Ұлттық кітапханасының директоры Б.Қ. Оспанова ашты. Іс-шара барысында ҚР Ұлттық кітапханасының тәжірибелі мамандары кітапхана ісі мамандығының сан қырлы тұстарын студенттерге баяндады.

Дөңгелек үстелге Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің оқытушылары: «Кітапханатану және библиография» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.к. Г.И. Нұржанова; п.ғ.к., доцент Б.С.Досумбаева; ф.ғ.к., доцент Г.Х.Нұғыбаева; аға оқытушылар Д.Қ.Естаева, Ш.М.Усенбаева, Ғылыми кітапхананың директоры Б.Т.Бағашарова, әдіскері Н.Е.Алмекеева, сондай-ақ  ҚызПУ мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенттері қатысты.

Дөңгелек үстел соңында студенттер кітапхана ісі және кітапханашы  мамандығы жайында мол мағлұмат алып, оны жаңа қырынан танығандары туралы айтып, іс-шарадан алған әсерлерімен бөлісті.

Іс-шараны ҚР Ұлттық кітапханасы Ғылыми-әдістемелік қызметінің маманы  А.К. Байдарова жүргізді.

1   3
4   5